Қоғам

Қазақстанда пәтер бағасы қымбаттады

2020 жылдың қаңтарынан бастап 13 пайызға қымбаттаған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда 2020 жылдың қаңтарынан бастап пәтер 13 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, мұндай динамика бірнеше өңірде байқалған. Мысалы Атырауда пәтердің шаршы метрі 278 мың теңгеден. Бұл елдегі ең төменгі көрсеткіш - 5,6 пайыз. 

Нұр-Сұлтанда шаршы метрі 358 мың теңгеден, осы жылдың басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 5,7 пайызға қымбат. 

Алматыда динамика 7 пайызға тең, шаршы метрі - 450 мың теңгеден. 

Қызылордада - 9,5 пайыз, шамамен 150 мың теңге. 

Он пайыздан жоғары көрсеткіш тіркелген өңірлер:

Талдықорғанда: +12.6 пайыз, 255 мың теңге;

Қостанайда: +12.8 пайыз, 242 мың теңге;

Ақтөбеде: +13.3 пайыз, 171 мың теңге;

Көкшетауда: +13.4 пайыз, 247 мың теңге;

Оралда: +14.6 пайыз, 234 мың теңге.

Семей мен Қарағандыдағы индекс 17,3 пайызға, Шымкентте - 17,4 пайызға өскен. Өңірлердегі қазіргі бағалар: 223 мың теңге, 271 иың және 292 мың теңге.  

Тараз бен Петропавлда пәтердің құны орташа есеппен 19,5 пайызға, Павлодарда 19,6 пайызға өскен. Аталған өңірлерде пәтердің шаршы метрі - 205 мың, 278 мың және 233 мың теңге. 

Ең жоғары көрсеткіш Өскеменде тіркелген. Қазан айында 1 шаршы метр 276 мың теңге болған, бұл қаңтармен салыстырғанда 22,4 пайыз қымбат. 

Елімізде пәтер құны төмендеген өңір - Ақтау. Өңірде пәтер құны 0,7 пайызға қымббааттаған. Ақтауда пәтерлердің шаршы метрі - 199 мың теңгеден.