Әлем жаңалықтары

Сен кімсің, Джо мырза?

Демократ Джо Байден қажетті 270 дауысты жинап, АҚШ-тың 46-президенті болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

35 жыл Делавэр штатының сенаторы әрі АҚШ-тың 44-президенті Барак Обаманың әкімшілігінде вице-президент болған 77 жастағы Джо Байден демократиялық партияның ең беделді әрі мәртебелі өкілі. 2021 жылдың 20 қаңтарында су жаңа президент 78 жасқа толады, сөйтіп Америка тарихындағы ең жасы үлкен президент атанады, әзірге.

Коронавируспен күрескен Байден

Коронавирус пандемиясы әлемді жаулай бастаған сәтте-ақ Джо Байден уақыт тауып, вирустан қайтыс болғандардың отбасына жеке барып, көңіл айтып жүрді. Бүгінде АҚШ-та Covid-19 вирусынан 225 000 адам қайтыс болған.

Байденнің вирус тақырыбына қатысты мәлімдемелері Трамптың ойларына мүлде қарама-қайшы. Коронавируспен аурып шыққан Трамп Ақ үйге оралғанда “бұл кеселден қорқудың қажеті жоқ” деп жар салған. Тіпті халықтың алдына бетпердесіз шығуға да дайын еді.

Ал Джо Байден халықты бетперде тағуға, арақашықтықты сақтап, жұқтырып алудың алдын алуға шақырды. Тіпті, Ақ үйге кіргендегі алғашқы жұмысы елді коронавирус пандемиясына қарсы тұра алатындай дәрежеге жеткізу екенін айтқанын.

Әйелі мен қызынан айырылған Байден

Жақыныңнан айырылудың азабын Байденнен артық білетін жан жоқ шығар. Отбасылық қайғының салдарынан Джо Байден бір емес, екі мәрте саясаткерлік жолдан баз кешуге таяп қалған-ды.

Алғашқы жағдай 1972 жылы болды. Республикашыл Джеймс Калеб Боггсқа қарсы тұрып, Делавэр штатынан сенаторлыққа үміткер болуға талпынған кезде Байденніңжасы 29-да еді.

Сайлауалды бюджетінің аздығына қарамастан, Байден мақсатына жетті. Алайда 2 аптадан соң саясаткердің әйелі Нелия мен жасқа толған қызы Наоми жол апатынан қайтыс болады. Ал ұлдары Бо мен Хантер ауыр жарақаттар алады.

30 жастағы сенатор

Қазадан есін әрең жиған Байден сенаторлықтан бас тартпақ болады. Алайда оны райынан қайтарғандар көп еді. Ұлдары жатқан ауруханада ант берді. 

Байеннің ауруханада ант қабылдаған сәті, 1973 жыл

Делавэрден Вашингтонға және керісінше күн сайын пойызбен қатынайтын. Жас сенаторға қолдау көрсеткен оның әпкесі Валери болды. Валери 1977 жылға дейін ағасының үйінде тұрып, балаларын қарасты. Кейін Байден екінші мәрте үйленген соң үйіне қайтты. Джо Байден мен қазіргі әйелі Джилл Джейкбостың Эшли атты қыздары дүниеге келді.

Бірақ “бақытсыздық” Байденді аңдып жүргендей еді. 2015 жылы Обаманың әкімшілігіне қызметке тұрған соң Байденнің ұлы Бо қатерлі ісіктен көз жұмады. Сөйтіп 2016 жылғы президенттік сайлауға үміткер болудан өз еркімен бас тартады.

Джо Байден ұлы Боның жерлеу рәсімінде, 2015 жылдың 6 маусымы

Байденнің “баяу дәуірі”

Басынан өткен ауыр жағдайларға қарамастан Байден 2020 жылы АҚШ президенті болды. Сарапшылар Байденнің біліктілігіне, дәйектілігіне әрі мықты саясаткерлігіне сенеді. Мәселен, Миссури университетінің профессоры Митчелл МакКинни Байденді Трампқа қарама-қайшы тұлға деп таниды.

Техас университетінің профессоры Брюс Бьюкенен атап өткен Байденнің ерекшелігі: көзқарастары сәкес келмесе де, адамдармен тез тіл табысады.

“Вашмнгтонда Джо Байденнің көңіліне жақпай қалған адам жоқ. Ол ашық жарқын әрі мейірімді саясаткер бола алды”, - деді Бьюкенен.

Барак Обама мен Джо Байден, 2027 жыл

Кей сенаторлар мен республикашылдар Байден президент болса, жұмыс істеу оңайға түсетінін де айтыпты.

Байденнің мақсаты – Американы біріктіру

Джо Байден дау-дамаймен бөлінген Американы біріктіруді мақсат тұтты.

“Егер маған президент тағын сеніп тапсырсаңыздар, мен жамандыққа емес, жақсылыққа жол бастаймын, қара түнектің емес, жарықтың одақтасы боламын”, - деді Байден 20 тамызда АҚШ президентіне үміткерлікті қабылдай отырып.

Байденнің сайлаушылармен кездесу сәті, 2020 жылдың наурызы

Жаңа жұмыс орындарын құруға, климатты қорғауға, салық мәселесін шешуге уәде берді. 2050 жылға қарай АҚШ-ты жаңартылған энегрия көздеріне толық көшіруге ниетті.

Байденге тек сәттілік тілейміз!

Ұсынған: Гүлім Жақан