Қоғам
Өндірушілер орта есеппен 21 теңгеге дейін төмендетті.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі зертхана қызметтері мен жеке қорғаныс құралдарының бағалық саясатына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нәтижесінде ПТР-тест бағасы 36 нарық субъектісімен ашық сауда-өткізу саясатын көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасау арқылы 18 000-нан 9 000-ға дейін төмендетілді.
«Олимп «КДЛ» ЖШС және «Инвиво» ЖШС 9 мың теңгеден аспайтын бағаларды белгіледі, «Сұңқар» ЖШС және «Әйгерім» ЖШС жекелеген зертханалары бағаларды тиісінше 6 000 және 7 000 теңгеге дейін төмендетті.
Медициналық бетперделердің бағасын өндірушілер орта есеппен 21 теңге/данаға дейін төмендетті. Дистрибьюторлар мен бөлшек сауда желілерінде орта есеппен 60 теңгеден 26 теңгеге/дана дейін азайды.