Weekend
Олар кімдер?
Қазіргі заманның басты кейіпкері және кино тарихындағы ең үздік актерлердің бірі - Даниэл Дэй-Льюис. Осыған дейін Пол Томас Андерсонның "Призрачная нить" киносы оның соңғы жұмысы екенін мәлімдеген болатын. Дегенмен, көпшілік оның мансаптық жолын аяқтайтынына сенбейді, әлі де бұл саланы жалғастыратынына үмітпен қарайды. Қазіргі таңда Даниэлде алты номинация және үш жеңіс бар. Ол "Менің сол аяғым", "Мұнай" және "Линкольн" сияқты фильмдерде ең үздік ер рөлі үшін "Оскарға" ие болды. Дэй-Льюис киноакадемия сыйлығына үш рет ие болған жалғыз актер.
Ұлы және қорқынышты Джек "Оскарға" 12 рет ұсынылды, алайда бұл номинацияға тек 3 рет ие болды. Екі рет "ең үздік ер рөлі" номинациясымен және "екінші жоспардағы ең үздік ер рөлі" номинациясы бойынша жеңісі бар. Ол ер актерлерінің арасында номинация саны бойынша рекорд басында көш бастап тұр және Батыстың ең құрметті актерлерінің бірі.
1937 жылдан бастап 1941 жылға дейін үш мәрте "Оскарды" жеңіп алған "Алтын Голливуд" дәуірінің американдық актері. Ол "екінші жоспардағы ең үздік ер рөлі" үшін үш рет жеңіске жеткен жалғыз адам. Бреннан "кино статисттарының Гильдиясында" танымал болды. Дегенмен ол үшінші статуэтканы алғаннан кейін, "гильдия статистінен" дауыс беруге қатысу құқығынан айырылды. Бірақ киноның әуесқойлары үшін Бреннан әлі де кино тарихындағы ең үздік актерлердің бірі болып қала береді.
Американың ұлттық батыры және әлемнің сүйікті актерлерінің бірі - Том Хэнкс "Филадельфия" және "Форрест Гамп"фильмдеріндегі рөлі үшін екі рет жеңімпаз атанды. Ол екі жыл қатарынан осы марапатты алған әлемдік кинематограф тарихындағы алғашқы адам. Хэнкстің фильмографиясы өте көп, оның "Оскарға" ұсынылған рөлдерінен басқа, көптеген танымал режиссерлардың фильмдеріне түсті. Сондықтан ол Голливудтың кірісі көп актерлерінің бірі.
Сонымен қатар, екі рет «Оскар» марапатына ие болған Дастин Хоффман, Марлон Брандо, Шон Пенн, Дэнзел Вашингтон, Гэри Купер, Джек Леммон, Кевин Спейси, Джин Хэкман сынды талантты актерлер де бар.
Актрисалар арасында сұлу Кэтрин төрт ұлы жеңісімен ерекшеленеді. Хэпберн төрт рет "Үздік актриса" ретінде марапатталды. Оған бұл жеңісті "Ерте келген даңқ"," Түскі асқа кім келеді?","Қыстағы арыстан" және "Алтын көлде" сияқты фильмдері әкелді. Бірінші марапатын 1934 жылы алды, ал соңғысына 1982 жылы ие болды. Жалпы, 12 номинацияны жеңіп алған, дегенмен бұл әйелдер арасындағы ең жақсы көрсеткіш емес.
Мэрил 21 номинацияны иеленіп, атақты Гиннестің рекордтар кітабына еніп, тарихта аты қалды. Бірақ, осының барлығына қарамастан, ол «Оскар» сыйлығын тек үш рет иемденді. Оған "Крамер Крамерге қарсы"," Софи таңдау "Темір ханымы "сияқты картинадағы рөлі жеңіс әкелді. Стрип кино саласында әлі де сұранысқа ие актриса және өзінің мансаптық жолын әлі де жалғастыруда.
Голливудтың "Алтын дәуірінің" тағы бір атақты актрисасы Ингрид Бергман. Өзінің мансаптық жолында ол "Газға ұқсас түс", "Анастасия" және "Шығыс экспрессіндегі кісі өлімі" фильмдері үшін үш рет "Оскарды" жеңіп алды. Бірақ, алғашқы екеуінде "Үздік актриса" номинациясы үшін жеңіп алса, соңғы картинадағы рөлі үшін "екінші жоспардағы үздік актриса" атанды.
Тағы он үш актриса "Оскардың" екі дүркін жеңімпазы, дегенмен олардың арасынан "Унесенные ветром" және "Трамвай тілек" сияқты классикалық фильмдердегі ролімен танымал болған американдық актриса Вивьен Лиді ерекше атап өту керек. Ұлы актриса аңызға айналған Лоуренс Оливьеге үйленді және олар Голливуд тарихындағы ең әдемі жұптардың бірі.
Элизабет-1963 жылы "Клеопатра" фильміндегі рөлі үшін гонорар ретінде миллион доллар алған алғашқы актриса. Ол "Баттерфилд, 8" және "Вирджиния Вульфтан кім қорқады?" картиналардағы ролі үшін екі рет жеңіске жетті және бір арнайы марапаты бар. Тейлор кино тарихындағы ең ұлы жұлдыздардың бірі.