Әлем жаңалықтары

Джо Байден жеңісі: Трамп сотқа шағымданбақшы

Джо Байденнің жеңісін әділетсіз деп тапқан Дональд Трамп сотқа шағым бермекші

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп президенттік сайлауда оза шапқан Джо Байденнің жеңісін мойындар емес және дүйсенбі күннен бастап «Ақ үй» үшін соттасуын бастамақшы.

Республикашылдардың бір бөлігі Трампты және оның қолдаушыларын демократтардың ішінен шыққан кандидаттың шынайы жеңіске жеткеніне көндіре алмай жатса, бір бөлігі сайлауда көптеген әділетсіз жағдайлар болғанын айтып соттасуды жөн көруде. Алайда, соңғы айтылған ойды жақтаушылардың қолында бірде-бір дәлел яки іспен дәлелдейтін айғақтар жоқ.

BBC тілшілері сенбі күннен бастап Байденнің Пенсильванияда жеңіске жетуін, жеңіске жеткен сәттегі халыққа айтқан жолдауын бақылап, Трамп атап өткен дауыс берудегі қитұрқылық істердің барлығын тексеріп көрді.

Сенбі және жексенбі күндері Трамп халық алдына шығуды жөн санамай, демалыс күндерін өзінің сүйікті гольф клубында өткізген. Бірақ, ол өзінің Твиттердегі шағымдарын ұмытпай, жазуын жалғастыра берді.

Жексенбі күні түнде Трамп өзінің «Твиттердегі» парақшасына жазба қалдырған еді. Журналистер оны экс-президент радиоэфирге сұхбатқа, «пошта арқылы дауыс берудің» жалған тараптарын түсіндіріп беруге шығады деп қабылдаған. Алайда, Ақ үйдің хабарлауынша аптаның алғашқы күнінде Дональдта ешқандай кездесу, халық алдына шығу жоспарланбаған.