Әлем жаңалықтары

Соғыс аяқталды: Армения халқы көтеріліске шықты

Таулы Қарабақ жайлы шешімге наразылық білдірген мыңдаған адам көтеріліске шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Таулы Қарабақтағы соғыстың аяқталуы жайлы хабарды Арменияда суық қарсы алды. Ел премьер-министрі Никол Пашинянның келісімге қол қойғанын естіген халық сол мезетте қала көшелеріне жинала басталады,- деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

На улицы Еревана вышли тысячи недовольных.

Көтерілісшілердің алғашқы жалыны Республика алаңына келе бастаған. Ал жергілікті БАҚ өкілдерінің айтуы бойынша, ол жерге бірнеше мың адам жиналыпты.


Көтерілісшілердің бір бөлігі жоғарғы биліктің есіктерін сындырып, ішке бассыздықпен кіре бастапты. Бірінші қабатта бірнеше терезені сындырып, жиналыс кабинетінде орындықтар мен техниканың күл-талқанын шығарған.

Протестующие ворвались в здание правительства Армении/

Ал олардың екінші бөлігі Пашинянның резиденциясына, кейіннен ел парламентінің ғимаратына дейін жеткен. Мәжіліс залы өз назын жаудырған адамдарға лық толы. Іште қарбалас: ешкім-ешкімді тыңдамайды, бір-біріне бөтелке лақтыруда,- деп жеткізеді SputnikArmenia.

.

Осы уақытта Армения демонстранттар парламент спикері Арарат Мирзоянның күзетшілерімен қақтығысып қалып, саясаткерді соққыға жықты. Біраз уақыттан кейін ғана ол ауруханаға жеткізілді.

Елдегі күрделі жағдай премьер-министр Никол Пашинянды Фейсбукта тікелей эфирге шығуға мәжбүр етті. Саясаткер Таулы Қарабаққа қатысты келісімшартқа қол қоюға мәжбүр болғанын «басқа жол жоқ» деп түсіндірді.

- Еревандағы кейбір бүлікшілер Қарабахта болды, бірақ белгісіз себептермен өз жұмыстарын тастап, сол жерден қашып кетті. Олардың арасында генерал да бар. Мен барлық арандатушылар заң көлемінде толық жазаланатынын ресми түрде мәлімдеймін , - деді Пашинян.