Қоғам
Қазақстан Республикасының чемпионатына 12 команда қатысты.
Ересектер арасында онлайн өткен чемпионатта елордалық ерлер құрамасы «Асық атудан» бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз вторлар платформасы.
Әділхан Жұмағұлов, Мырзамұрат Қайыпбеков, Нұрқанат Молжігітов бастаған ерлер құрамасы төртінші рет өздерінің чемпиондық атағын сақтап қалды. Екінші орынды Түркістан облысы иеленсе, үшінші орынға Ақмола облысы қол жеткізген.
Ал елордалық қыздар командасы «Бес асық» бойынша 2 орынды иеленді. Топ құрамында Анаргүл Ходжаниязова, Айжан Серікова, Ұлжалғас Худайбердиева өнер көрсетті. Олар Қостанай облысының спортшыларына есе жіберіп, СҚО спортшыларынан басым түсті.
«5-9 қараша аралығында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатына 12 команда қатысты. Атап айтсақ, Жамбыл, БҚО, СҚО, Қостанай, Атырау, Павлодар, Қызылорда, Ақмола,Түркістан, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қаласының спортшыларынан құралған командалар бақ сынады», - деп хабарлайды елорда әкімдігінен.
Айта кетсек, жалпы Нұр-Сұлтан қаласында 300-ге жуық адам асық ату спорт түрімен айналысады. Олардың ішінде мектеп оқушыларымен қатар ересектер де бар.