Қоғам
Қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің кәмелетке толмаған ұлы төбелес кезінде қайтыс болды
10 қараша сағат 22:56-да Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал ықшамауданындағы «Болашақ» көшесінде жаппай төбелес болғаны туралы «102» пультіне хабарлама келген. Полиция қызметкерлері оқиға орнына барып, жастар арасында жанжал болып, соңы төбелеске ұласқанын анықтады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Төбелес нәтижесінде екі адам жарақат алған. Жарақат алғандардың бірі - 17 жастағы Ж.Ағаділовке пышақ салған. Ол жедел жәрдем келген кезде қайтыс болды.
«Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2 және 293, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жанжалға қатысқан барлық тарапты анықтау бойынша және ұсталғандарға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу нәтижесі бойынша әрқайсысының әрекетіне заңды баға беріледі», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, төбелес кезінде жарақат алып, мерт болған Жанболат Ағаділ – 2020 жылдың 25 ақпанында уақытша қамау изоляторында қайтыс болған Дулат Ағаділдің ұлы.
(Жаңалықтар күтілуде. Ақпарат толықтырылады.)