Bugin
Көбісі біле бермейтін әлем елдері жайлы қызықты фактілермен бөлістік
Әлем- тылсым ақпарат пен қызықтарға толы орта. Төменде келтірілген фактілер осы анықтаманы айшықтай түсетіндей.
Ал сіз білдіңіз бе? Қызық болса оқи отырыңыз.
1. Испания сөзінің мағынасы – қояндар мекені.
2. Ұлы Қытай қорғанын салуға 2000 жылдан астам уақыт кеткен. Құрылыс кезінде миллиондаған адам қаза тапқан.
3. Голландияда темекі шекпейтін жастарға айына 200 еуро ақша төленеді.
4. Әлемдегі ең қымбат шәй қалташасы 280 гауһар таспен безендірілген, бағасы 15 000 доллар.
5. Германияда жастықпен ұрып ойнауға тыйым салынған. Себебі неміс заңында жастық қару болып саналады.
6. Лондонда танымал мейрамханалар тағамда шаш кездеспеуіне толық кепілдік береді. Себебі барлық аспазшыларда шаш жоқ.
7. Солтүстік Кореяда қылмыс жасаған адаммен бірге отбасын түгел түрмеге отырғызады. Бұл «үш ұрпақтың жазасы» деп атаалады. Яғни келесі туған екі ұрпақ өмір бойы темір торда отырады.
8. Англияда ұйықтауға арналған кинотеатрлар бар. Ал таңертең таңғы ас береді.
9. Парижде иттерге арналған қымбат мейрамханалар бар.
10. Қытайда айыпталушы өзініің орнына түрмеге отыратын адамды таңдай алады.
Ақбота Нысанбаева