Әлем жаңалықтары
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев сот кезінде өзін қамауда қалдыра беруін сұрады
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев соттан оны абақтыда қалдырау беруін сұрады. Бұл туралы экс-президенттің кеңесшісі және айыпталушы тұтқындардың бірі Құндыз Жолдыбаева,- деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы РИА Новости сілтеме жасап.
Құндыз Жолдыбаева- экс-президенттің ең жақын және сенімді адамдарының бірі. Зерттеу нәтижелері бойынша, ол кісі 2019 жылы Қой-Ташта өткен тәртіпсіздік шараларының ұйымдастырушысы болуы да мүмкін. Сот ол кісіге үй қабағында отыруды міндеттеді. Ал Құндыз оған тағылған барлық айыпты «негізсіз» деп атап жатыр.
«Менің сотқа бір өтінішім бар. Мені қамауда қалдыра беріңіздер. Онсызда мені ешқандай дәлел, айғақсыз 11 жылға бас бостандығынан айырып, колонияға жіберіп жатырсыздар. Барлығын уақыт көрсетеді. Мен соңында ақиқаттың жеңетініне сенемін. Менің жанымда Канат Сагынбаев пен Фарид Ниязов бірге отыр, себебі олар мені сатып кетпеді. Мен бәріне төтеп беремін»,- деп жеткізді Жолдыбаева экс-президенттің сөзін.
Еске сала кетейік, 6 қазанда Қырғызстанның астанасында көтерілісшілер экс-президент Алмазбек Атамбаевты Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторынан босаптып алған болатын. Мұның алдында Атамбаевтың 11 жылға бас бостандығынан айырылғаны туралы хабарланған еді .