Алматы

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі полиция қызметкерлерімен кездесті

Ұсыныстар айтылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық Полиция департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізіп, ішкі істер органдарында заңбұзушылыққа апаратын жағдайларды қарастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын тиімді пайдалану бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілді.

Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында полиция қызметінің әрбір қызметтік үй-жайында бейнебақылау орнату, азаматтардың өтініштерін қарау бойынша атқарушылық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы ұсыныстар айтылды.

– Ішкі істер органдары құқықтық тәртіпті нығайтуға үлкен үлес қосуда. Полиция еңбегі тұрғындардың қауіпсіздігі, тыныштығы мен әл-ауқаты арттыруға бағытталған әрі зор жауапкершілікпен ұштасады. Тұрғындардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтуымыз, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, адал болуды насихаттауымыз қажет, – деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Нығмеджан Сапаров.