Алматы

Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 9 айдың қорытындысын шығарды

Алматының Antikor ortalygy алаңында 9 айдағы жұмыс қорытындысы шығарылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттары бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айтып берді.

Департамент есептік кезеңде аяқталған қылмыстық істер бойынша мемлекетке 3,578 миллиард теңге төледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ведомство сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ерекше назар аударуда.

Ведомствоның маңызды жобаларының бірі – Antikor Live. Оның аясында барлық мемлекеттік органдармен және қоғам қайраткерлерімен тікелей эфирлер өткізіледі.

Бұл жоба ашық диалог алаңы болып табылады, онда спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы, заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы әңгімелейді. Сондай-ақ кез келген азамат өзінің қызықтыратын сауалдарына жауап алады.

Департаменттің карантин кезінде онлайн жұмыс форматына көшуі халықпен кедергісіз байланыс орнатуға мүмкіндік берді.

Халықтың құқықтық сауатын арттыру және тегін заң көмегін көрсету мақсатында "Адал көмек" жобасы аясында 149 азаматқа құқықтық көмек пен кеңес көрсетілді. Кеңес берушілер ретінде тәуелсіз заңгерлер, адвокаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері кеп сөз сөйледі, кеңестерін айтты.

"Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" ақпараттық платформасы белсенді жұмыс жүргізілуде. Ол арқылы азаматтар мектеп, аурухана, балабақшаның бюджет қаражаты бойынша, сапасыз салынған жол немесе басқа да әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша жүгініп, арыз-шағым не ұсыныс түсіре алады.

Сонымен қатар, ведомство халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында "Ашық бюджет"тікелей эфирлерін өткізуде.