Алматы

Медеу ауданындағы Open space-те тұрғындармен кездесу өтті

Алматы – Адалдық Алаңы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кездесуге "Алматы – Адалдық Алаңы" жобасы аясында аудан әкімі Әсет Масабаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат, "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олжас Шәріпов, Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев қатысты.

– Осындай форматтағы іс-шаралар үнемі өткізілетін болады. Open space алаңдарының ашылуы – Мемлекет басшысының "Халық үніне құлақ асқан мемлекет" тұжырымдамасын іске асырудың пәрменді әдістерінің бірі. Жұмыс, ең алдымен, барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді ден қоюға бағытталуы тиіс, – деп атап өтті Әсет Масабаев.

Өз кезегінде, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат карантин кезінде мұндай онлайн кездесулердің өзекті және тиімді екенін, мұндай кездесулерді қаланың барлық аудандарында өткізу қажеттігін атап өтті.

Аудан әкімдігінің Facebook, Instagram-дағы ресми парақшалары арқылы Тікелей эфир аясында Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы туралы есеп берді. Спикер тікелей эфирде келіп түскен сауалдарға жауап берді.

– Мұндай онлайн кездесулер тұрақты негізде өтеді, – деп атап өтті Медеу адалдық аланы.