Алматы

Алматының жоғары оқу орындары сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірікті

Сау әлеуметтік орта қалыптастыру

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда жоғары оқу орындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді жоспарының тұсаукесері өтті.

"Sanaly urpaq" республикалық жобалық кеңсесінің басшысы К.Тоқышев презентация жасады. Ол бүгінгі таңда ахуалды талдауды назарға ала отырып, үлгілік жоспарға 19 іс-шара енгізілгенін атап өтті.

Мысалы, жоспарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, студенттер мен оқытушылар құрамының бұзушылықтарын есепке алу және оларды жауапкершілікке тарту үшін оқушыларды, студенттерді, ата-аналарды, демеушілерді, жұмыс берушілер мен үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін міндетті түрде енгізу, академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әдеп жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия (кеңес) құру ұсынылды.

Сондай-ақ, білім беру ұйымдарының қаражатын пайдалану бойынша жария есеп беру тетіктерін енгізу, сондай-ақ бүкіл оқу процесін цифрлық технологияларға көшіру, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы үшін әлеуметтік маңызы бар қызметтер көрсету, оның ішінде жатақханаға орналасу, гранттар тағайындау және басқалар назарға алынды.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие және әлеуметтік жұмыс білім алушылармен тәрбие жұмыстарын алдын алу және ұйымдастыру, университеттік ортадағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау – клубтар мен студенттік ұйымдардың жұмысы, форумдар, конкурстар және басқа да іс-шаралар өткізу кезіндегі маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Біз мерзімді түрде жоспарлардың орындалуына мониторинг жүргізетін боламыз. Сондай-ақ, заң бұзушылықтар туралы 1424 Call-орталығы арқылы хабарлай алады, – деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Нығмеджан Сапаров.

Шара соңында спикерлер салауатты әлеуметтік орта мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруды қалыптастыру үшін студенттерді жоғары оқу орнының басқару процестеріне тарту, әлеуметтік серіктестік орнату туралы ұсыныс айтылды.

Осы іс-шаралардың барлығы оқу орындарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың нәтижелілігін кешенді түрде қамтамасыз етеді.