Алматы

Сыбайлас жемқорлық жайлы ескерту – біздің парызымыз

Әлеуметтік саладағы жемқорлық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласының Әуезов ауданында аудандық қызметтердің, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің басшылары үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Аудан әкімі Сайран Сайфеденовтың төрағалығымен өткен онлайн-кеңеске Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат, Әуезов ауданы прокурорының орынбасары Мұхамедсадык Аблазимов, Әуезов ауданының азаматтық істер жөніндегі №2 аудандық сотының төрағасы Ербол Төлеев және Әуезов аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотының төрағасы Қанат Сырлыбаев қатысты.

Кеңес барысында аудан әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы іске асыру мәселелері, сондай-ақ "Адалдық алаңы" жобасы шеңберіндегі іс-шаралар қаралды.

Сот төрағалары қатысушыларды сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қараудың сот тәжірибесімен, Қазақстан Республикасының Бірінші басшылардың қабылданған шешімдер, әрекеттер мен әрекетсіздік үшін жауапкершілігін күшейту жөніндегі заңнамадағы өзгерістермен таныстырды.

Өз баяндамасында прокурордың орынбасары қатысушылардың назарын заңсыз әрекеттері үшін жазаның бұлтартпастығына аударды, сот шешімдерінен нақты мысалдар келтірді.

Іс-шара соңында әкім әрбір басшы өз ұйымында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі жұмысқа дербес жауапты болатынын атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.