Алматы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы муралдар: парасаттылық идеологиясын ілгерілетудің жаңа әдісі

35-тен астам актуалды арт-жоба салынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен парасаттылық идеологиясын ілгерілетудің жаңа әдісі ретінде еліміздің қалалары мен ауылдарының орталық көшелеріндегі көпқабатты үйлердің қасбетіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы муралдар салу туралы бастама көтерілді.

Авторлардың пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы муралдар дұрыс мінез-құлық үлгілерін қалыптастыруға, дұрыс әрекеттерді жасауға шақырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алғашқы мурал осы жазда Алматы қаласында пайда болды.

Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен қалалар мен аудан орталықтарындағы көпқабатты үйлердің қасбеттерінде 35-тен астам актуалды арт-жоба орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мұралдардың негізгі тақырыбы ретінде ұлы тұлғалардың бейнелері  мен парасаттылыққа, әділеттілікке және патриотизмге шақыратын сөздері мен ойлары алынған.

Мысалы, Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла!», «Адал жүріп, адал тұр!» сияқты қанатты сөздері мен көркем бейнесі Талдықорған, Үшарал, Сарқан, Текелі, Орал, Рудный қалалары мен Өтеген батыр кентіндегі биік үйлердің қабырғалары безендіріп тұр.

«Екінші ұстаз» саналатын ұлы ойшыл, философ Әл-Фарабидің Нұр-Сұлтан, Қостанай және Талдықорған қалаларының орталық көшелерінде адалдық пен адамгершілік қасиеттерді сақтауға шақырған бейнелері салынған.

Алматы және Қостанай облыстарында қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың көрнекті тұлғасына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы муралдар бар.

XII ғасырдағы Ұлы дала ойшылы Қожа Ахмет Ясауи бейнесі мен оның тағылымды сөздері Түркістан қаласында және осы облыстың бірқатар елді мекендерінде бейнеленген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы осындай арт-жобалар Шымкент, Көкшетау, Ақтөбе, Атырау, Тараз, Павлодар және Қаражал қалаларында да орналасқан.