Қоғам

Алматылық блогердің Қонаевпен кездесуі: «Еркін сөйлесе алуға болады»

Алматылық блогер кішкентай кезінде қалай Қонаевпен кездескені жайлы айтып берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматылық блогер Александр Цой өз инстаграм парақшасында балалық шағында Қонаевпен қалай кездейсоқ жолыққаны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.


"Менің басымнан бұл оқиға өткен кезде мен бастауыш сынып оқушысы едім. Ол уақыттары біз Ленин (Достық)- Құрманғазы көшелерінің қиылысында, «Люкс» атты «Қазақстан» қонақ үйіне қарама-қарсы үйде тұрдық. Сонымен бір жексенбінің күнінде анам екеуміз қазіргі Абылай хан- Төле бидегі «Балалар әлемінен» қайтып келе жатып, Тулебаеваға көтерілгенде алдымыздан бір мәртебелі адам шықты.

Анам ол кісімен амандасып, әңгіме-дүкен құрды. Ол өте сыпайы болды. Менің анам Алматы Политехында ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс жасағандықтан, алғашында мен оны анамның әріптесі деп ойладым. Себебі біз әрдайым жолда анамның әріптестерін кездестіретінбіз.

Анам ол кісімен өте жақын танысы сияқты әңгімелесті. Жанымыздан өтіп бара жатқан отбасылық жұпта онымен амандасып өтті. Бейтаныс адаммен 5 минутқа созылған әңгімеден соң, біз жоғарыға қарай көтеріле бердік. Біз  үйге келгеннен кейін барып анам менен сұрады:


-Жолда жолықтырған адамның кім екенін білесің бе?

-Жоқ.

-Ол Қонаев- Қазақстанның жетекшісі.

-Ал жетекші деген кім?

-Ол еліміздің басшысы, алғашқы адамы.

-Ого! Және сен онымен жеке таныссың ба?

-Жоқ, мен жай ғана амандастым және біз әңгімелестік.


Сол кезде мені 2 нәрсе таңқалдырды. Алғашқысы, сондай беделі биік бірінші адамды жай ғана жолда кездестіріп қалуға болатыны, ал екіншісі онымен еркін әңгіме айта алуға болатыны.

Мінекей Дінмұхаммед  Ахмедұлы Қонаев дәл осындай адам болған.

Қазақстандағы өнеркәсіптік өндіріс көлемін 8,9 есе, ауыл шаруашылығын - 6,2 есе, құрылысты - 68 есе, қазақтардың санын 2,5 есе, жалпы халық санын  2 есеге дейін өсіріп, жеткізген адам. Оның билікте кезінде 43 жаңа қала салынды.

Ол сондай ұлы адам болған, алайда күзетшілерсіз жүрді және қала тұрғындарымен еркін сөйлесті.

Сол күннен бері қаншалықты көп уақыт өткен сайын, мен Дінмұхамед Ахмедұлы тұлғасының тарихи ауқымын соншалықты айқын түсінудемін. Әрине, мен осы кездейсоқ кездесуге мақтанамын."


Ақбота Нысанбаева

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Я был учеником младших классов, когда со мной произошла эта история. Жил я на Ленина (Достык) - Курмангазы, в доме «Люкс», что напротив гостиницы «Казахстан». И как-то в воскресный день мы с мамой возвращались домой из «Детского мира» с Коммунистического - Комсомольской (Абылай хана - Толе би). Поднимаясь по Тулебаева, мы повстречали высокого статного человека Мама с ним поздоровалась и завела беседу. Он был очень приветлив. Мне подумалось, что это мамин коллега - она работала преподавателем английского языка в Алматинском Политехе, и порой мы встречали на улице её сослуживцев Мама общалась с этим человеком как с добрым приятелем. Мимо нас прошла семейная пара, и они тоже поздоровались с ним. После пяти минут беседы мы попрощались с незнакомцем и пошли наверх. И только дома мама меня спросила: - Знаешь, что это был за человек, которого мы встретили? - Нет - Это Кунаев - руководитель Казахстана - А кто такой руководитель? - Это самый главный в стране, человек номер один - Ого! И ты с ним лично знакома?! - Нет, я просто поздоровалась, и мы побеседовали Я помню, насколько был поражён двум обстоятельствам - что главного человека в стране можно встретить просто так, на улице. И что с ним можно без проблем пообщаться. Вот таким был Динмухамед Ахмедович Кунаев Человек, при котором объём промышленного производства Казахстана вырос в 8,9 раза, сельского хозяйства - в 6,2 раза, строительства - в 68 раз, численность казахов увеличилась в 2,5 раза, населения в целом - в 2 раза. При котором было построено 43 новых города Великий был человек, а гулял без охраны и свободно общался с горожанами. И чем дальше время относит меня от того дня, тем я явственнее понимаю исторический масштаб личности Динмухамеда Ахмедовича. И, конечно же, горжусь этой нечаянной встречей

Публикация от Александр Цой (@alexandr_tsoy)

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61