COVID-19

Ресей COVID-19-ға қарсы вакцинасын Қазақстанда өндіреді

Екі мемлекет арадағы коронавирус пандемиясымен күрес ынтымақтастығын белсенді деңгейге көтереді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны Қазақстан территориясында жасап, шығармақ, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы zakon.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Бұл туралы президенттер арасындағы телефон арқылы сөйлесу кезінде айтылды, деп хабарлайды Кремль сайты.

Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі 11 қарашада Sputnik V коронавирус вакцинасының Ресейде жаппай өндірісі басталып жатқанын хабарлады. Министрлік вакцинаның азаматтық айналымға шығарылып үлгерді, ол елдің басқа аймақтарына тасымалдана бастады деп мәлімдеді.

Айта кетсек, кеше - 11 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Президенттер екі елдің халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара ықпалдастығы туралы пікір алмасты. Таулы Қарабақтағы қалыптасқан жағдайға ерекше назар аударылды.