Әлем жаңалықтары
Абай Құнанбайұлының шығармалары әлемнің 30 тіліне аударылған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБүгін Лондонда Кембридж университетінің баспасы, Қазақстанның ұлттық аударма бюросы жəне Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен əлемдік деңгейдегі ойшыл, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлы 175 жылдық мерейтойына орай хакім шығармаларының ағылшын тіліндегі алғашқы толық жинағы «ABAI» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.
Онлайн форматта өткен іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Кембридж университеті баспасының атқарушы директоры Питер Филлипс, Британ Кеңесі ғаламдық желісінің директоры Кейт Эварт-Биггс, ҚР-ның Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Королдігіндегі Елшісі Ерлан Ыдырысов, Ұлттық аударма бюросының директоры Рауан Кенжеханұлы, британдық ақындар Джон Бернсайд пен Шон O’Брайен қатысты.
Жиында Кембридж университеті баспасының біріктіру істері жөніндегі директоры Кевин Тейлор модератор болды.
Жинақты ұлы ақынның 175 жылдығына орай Ұлттық аударма бюросының Абай шығармаларын әлемнің он тілінде басып шығару жөніндегі ауқымды жобасы аясында көпғасырлық тарихы бар Кембридж университетінің баспасы зор ықыласпен дайындап, жарыққа шығарды.
Бұл – Абайдың осыған дейін жарық көрген аудармаларымен салыстырғанда барынша толық және қазақ тілінен ағылшын тіліне тұңғыш рет тікелей тәржімаланған кітап.
Профессор Шон О’Брайен Абай Құнанбайұлының өлеңдерін, Джон Бернсайд ойшылдың қара сөздерін еліміздің қазақ-ағылшын аудармашыларының жаңа буынымен бірлесе отырып, ағылшын тіліне тəржімалады.
Онлайн тұсаукесерді Facebook əлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде əлемнің түкпір-түкпіріндегі көрермендер тамашалады. Тұсаукесер аясында қазақ жəне британ əншілерінің қатысуымен онлайн-концерт өтті.
Ағылшын тілі – миллиардтан астам адамның ортақ тілі. Абайдың толық шығармалар жинағының ағылшын тіліне аударылуын ақын шығармалары миллиард оқырманға ұсынылды деген сөз.
Сондай-ақ осы жылы Елшілік хакім мерейтойы аясында АҚШ, Британия жəне отандық ғалымдардың қатысуымен онлайн-конференция ұйымдастырып, Абай өлеңдерін оқу челленджіне қатысқан.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61