Әлем жаңалықтары
Қарабақтан кетіп жатқан армяндықтар жолдарды көліктермен жауып, үйлерін өртеуде
Sputnik Арменияның түсіру тобы Карвачар тұрғындарының туған жерлері мен Қарабахтың солтүстік жолының бойындағы үйлерінен қалай кетіп жатқанын түсірді. Қарабаққа баратын солтүстік жол көліктерге толы,- деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.
Sputnik Армения тілшілері жол қозғалысы арасында көптеген шағын автобустар мен жүк көліктері бар екенін хабарлайды. Адамдар мүмкін болатын барлық нәрсені - үй ыдыстарын, жиһаздарды, жануарларды алып кетіп жатыр. Олардың кейбіреулері тіпті өз үйлерін өртеп жіберген.
Үшжақты мәлімдеме бойынша Әзірбайжанға берілуі тиіс аудандарда адамдар дүкендерді, үйлерді бөлщектеп, қиратуда.
Еске салайық, Ресей, Армения және Әзірбайжан басшылары - Владимир Путин, Никол Пашинян және Ильхам Әлиев 9 қарашада Таулы Қарабахтағы әскери қимылдарды толық тоқтату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Мәлімдемеге сәйкес бірқатар аймақтар Әзірбайжанның бақылауына өтіп жатыр, тараптар тұтқындармен алмасуда, Ресейдің бітімгершілік күштері шекараға және Қарабахты Армениямен байланыстыратын Лачин дәлізі бойына орналастырылған.