Алматы

Алматыда қар салдарынан жол апаты мен адам қазасы орын алды

Алматыда бір түн ішінде 39 жол апаты мен екі адам қаза тапқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда бір түнде қар салдарынан 39 жол апаты болып, екі адам қаза тапқан, - деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы  қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алматы полициясы жүргізушілерді жолдарда сақ болуға және дөңгелектерді қысқы резеңкеге ауыстыруды сұрайды.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қалада бір түнде 4-7 сантиметр, ал таулы аймақтарда 10-12 сантиметр қар жауған.

"13 қараша таңғы сағат 06.00-дегі жағдай бойынша, көктайғаққа қарсы 1487 тонна материал пайдаланылды. Сондай-ақ, жол бойын, жаяу жүргіншілер жүретін жерлерді, қоғамдық көлік аялдамаларын тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы жұмыстарға 567 бірлік техника, оның ішінде 174 құм шашқыш және 1485 жұмысшы жұмылды. Аудандық әкімдіктерде және қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды", - деді әкімдіктегілер.