COVID-19
Адамдар өзінде ауру белгісін сезерден екі күн бұрын максимал түрде басқаларға жұқтыру қабілетіне ие болады.
Украиналық дәрігер және тележүргізуші Евгений Комаровский коронавирус туралы күтпеген дерек айтты. Ол науқастарды оқшаулануын және эпидемияның таралуын тоқтатуы мүмкін. Дәрігердің коронавирус туралы соңғы жаңалықтарға пікірі түсірілген видео YouTube желісіндегі каналында жарияланды, - деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.
Дәрігер вирустың таралу жолы респираторлық екенін атап өтті. Сонымен қатар, коронавирус "науқастарды оқшаулау әрекетімізге үлкен кірес қойып тұр".
"Адамдар өзінде ауру белгісін сезерден екі күн бұрын максимал түрде басқаларға жұқтыру қабілетіне ие болады. Вирустың қоршаған ортада көптеп тарауы аурудың белгілері байқалғанға дейін екі күн бұрын болады. Яғни вирусты тарататын басты адам - сау", - дейді Комаровский.
Дәрігердің сөзінше, сырттай сау болып көрінетін адамдар инфекцияны тез жұқтырып алу қабілетіне ие. Оларда жөтелу немесе тағы басқа белгілер байқала бастаған кезде қоршаған ортаға тарайтын вирустың мөлшері азая бастайды.
"Ауру белгілері байқалғаннан кейін 5-6 күннен соң адам вирусты басқаларға жұқтырмайды деп айтуға болады", - дейді дәрігер.