Bugin

TOM TOM GPS навигаторы

TOM TOM GPS навигаторларының артықшылықтары мен ерекшеліктері қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

GPS технологиялары  алғашында тек әскери қызметкерлер үшін ғана қолжетімді болған. Кейіннен 2000 жылы с президенті Билл Клинтонның шешімімен аса құпия түрде қолданылған GPS технологияларын барлығының пайдалануына ұсынды. Сол сәттен бастап күні бүгінге дейін үлкен сұранысқа ие коммерциялық жетістік болып табылады. Дегенмен бұл Рональд Рейганның көпшілікке берген уәдесінің іс жүзінде орындалуы болатын.

Біршама уақыт өткеннен кейін Tom Tom және Garmin компанияларының өкілдері алғашқы GPS навигаторларын жасап шығарды.

Авторы нокта көшбасшы болып тұрған Tom Tom навигаторлары пайдалану функциясының қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Яғни, бірнеше минуттың ішінде құрылғымен толықтай танысуға болады. Ішкі функциялары, қолданылуы, автокөлікке орнату тәртібі барлығы пайдаланушыға арнайы бір ережелерсіз түсінікті етіп жасалған. Тағы бір артықшылығы бағасының қарапайым халыққа қолжетімділігі. Сапасы мен бағасы талайлардың көңілінен шыққан.

Әрине бұл навигаторлар авторынокта бұрыннан бері айналымда жүргендіктен ешкімге жаңалық емесі анық. Бірақ өзінің сапасы мен ыңғайлылығының арқасында әлі де сұранысқа ие.  

Компания қызметкерлері ТОМ ТОМ XL  және  ONE құрылғыларын пайдалануға ерекше кеңес береді. Себебі, бұл жаңа топтамаларда біршама артықшылықтар бар. Заман талаптарына сай жасалған өнім автокөлік сүйер қауымның көңілінен шығады деген ойдамыз.

GPS технологиялары  ХХІ ғасырдың ең озық техникалық өнімі. Себебі, сіз  өз навигаторыңыздың қай жерде екенін үйде отырып ақ арнайы қосымшаларды жүктеу арқылы бақылай аласыз. Күннен күнге артықшылықтары мен ерекшеліктері көбейіп жатқан бұл өнімнің әлі де нарықта көшбасшы болуға мүмкіндігі зор.