Қоғам

«Үркер» сыйлығының жеңімпаздары кім?

Төртінші билік өкілдерінің үздіктері анықталды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Үркер-2020» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 2020 жылдың 13 қарашасында онлайн форматта өтті.

Биылғы жылы публицистерге жеке номинация арналды. Номинация Шерхан Мұртазаның құрметіне аталды. Шерхан Мұртазаның есімімен тек қазақ әдебиеті ғана емес, отандық журналистика да байланысты. Қазақстандық публицистика саласының майталманы кәсіби журналистердің бірнеше буынын тәрбиелеген еді.

Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның үздік өкіліне жеңімпаз атағы беріліп, «Үркер-2020» естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сый табысталды.

Жылдың үздік репортажы:

Нұрсұлтан Мықтыбаев, Kyzylorda-news.kz порталы

Жылдың үздік аналитикалық материалы:

Қайрат Жандыбаев, Strategy2050.kz порталы

Радиостанциядағы үздік жоба:

«Эфирде 102 FM» бағдарламасы, «Atyray» радиостанциясы

Жылдың үздік газеті:

«AQ JOL» Жамбыл облыстық газеті

Жылдың үздік журналистік зерттеуі:

Михаил Козачков, «Время» газеті

Жылдың үздік танымдық материалы:

Тимур Ниталиев, Sputnik Казахстан АА

Жылдың үздік фотосуреті:

Сәкен Ділдахмет, тәуелсіз экологиялық шолушы

Жылдың үздік сұхбаты:

Гульбаршын Сабаева, «Егемен Қазақстан» газеті

Жылдың үздік журналы:

 «Жұлдыз» журналы

Шерхан Мұртаза атындағы Номинация:

Қайнар Олжай


«Құрметті әріптестер бүгін маңызды жиын. Журналистердің жүгі ауыр. Үркер деген атының өзі керемет. Себебі, жұлдыздар жеке-жеке жүрмесін, шоғыр болып, бір-біріне жақын болып жүрсін деген сөз. Мен журналистердің қараңғыны жарық етіп жүргенін қалаймын. Осындай жетістікке жете беріңіздер», - деп журналистерді жеңісімен құттықтады ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай.


Динара Орынбекқызы