Bugin
Шаршатқанда алыс сапар, жат мекен Туған жердің түтіні де тәтті екен!, - деп ақындар жырға қосқандай туған жерін сағынбайтын адам жоқ шығар. Сағынып қана қоймай тағдырдың тартуымен табиғаттың бар тамашасын бір бойына жинаған туған жердің көз тоймас көркімен мақтанып та жатамыз!
Мен туған жер– Алматы облысы Алакөл ауданы. Бала қиялға қанат қақтырған өскен өлкемнің қасиет тұнған қара топырағынан айналдым! Осы топыраққа кіндік қаны тамған Алакөл ауданының дамуына үлес қосып ,оның атақ- даңқын арысы әлемге, берісі Қазақстанға танытқан ақын -жазушылар, ел дамуына өз үлесін қосып жүрген айтулы азаматтар қаншама!
Әлімжанов Әнуар Тұрлыбекұлы
Жазушы халықаралық Д.Неру атындағы сыйлықтың, Қазақстан комсомолы және Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтардың иегері. «Ақ дос, сары дос, қара дос», «Көгілдір таулар», «Отырардан келген сый», «Қара сұңқар көпірі», «Махамбеттің жебесі», «Жаушы», «Таным» атты оқырманның көңілінен ойып тұрып орын алған шығармалардың авторы.
Мәлғаждар Әубәкіров
Шебер орындаушы -күйші ретінде, білгір де білікті ұстаз ретінде де танылып, халқымыздың күй мұрасын насихаттауда, жастарға тәлім беруде мол еңбек сіңірді. Қазақ күй мұрамызды- «Өрнек», «Жас толқын», «Бала қуанышы», «Наркескен», «Сары төбе», «Талас» сынды сан қилы жан тебірентер күмбір күйлерімен толықтырды.
Бейісқұлов Тоқтар
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ғалым.1997 жылы «Бейімбет Майлин- сыншыл публицист» деген таұырыпта дисертация қорғап, филология ғылымдарының кандиаты ғылыми дәрежесін алды. 1965 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Қашаннан да жақсыларға бар талас,
Біреу жерлес, біреу қандас , парталас.
Сәкен десе – бас ұдым деп Алакөл
Асылым деп ардақтайды Алты алаш!
Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болған, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Алматы облысының құрметті азаматы , Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі , көрнекті ақын Сәкен Құсайынұлы Иманасов біздің өңірдің тумасы.
Аты аталмаған абзал азаматтар қаншама! Мақтануға тұрарлық ата- ата бабасы барда мақтан тұтар ұрпақ та болады. Елбасы бастамасымен биылғы жыл- Жастар жылы деп белгіленді. Ұлы даланың ұрпағы ретінде тарихымызды, тілімізді, салт- дәстүрімізді, сонымен қатар, ата-бабамызды, алдыңғы аға буынның елге еткен еңбегін білу – біздің борышымыз! Ақ айдынды Алакөлім! Тарих толған тасыңнан, қасиет тұнған көліңнен айналайын!