Bugin
Әлемге таралған жұмбақ суреттің мәні
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін түсірілген ваннадағы жас әйелдің суреті көптің назарын аударды. Себеп – жалаңаш әйелдің суретке түсуі емес, суреттің Адольф Гитлердің жуынатын бөлмесінде түсірілуі еді.
1945 жылы 30 сәуірде Гитлер өзін-өзі атып өлтірген күні америка әскері Мюнхенге басып кіреді. "Гитлердің ваннасында" атты суреттер сериясы да сол кезде басталды.
Мюнхен қаласы бірнеше күн бомбаланып, қирандыға айналған. Куәгерлердің айтуынша, тарихи қала орталығындағы ғимараттардың 90% қираған. Тіптен, америка сарбаздарына қарсы бірде-бір оқ атылмаған, қаланың қарапайым тұрғындарында ондай қауқар да болмаса керек.
Мюнхенге кірген әскердің қатарында екі америка фототілшісі болған: Ли Миллер және Дэвид Шерман. Ли Vogue журналының журналисі болса, Дэвид жан қалауы үшін жұмыс істейтін.
Сонымен не керек, әскерилер казармаға айналған мэрия ғимаратына орналастырылады да, журналистер баспана іздеуге мәжбүр болады. Олар көшеде бір қарт адамға темекі беріп, Мюнхенді көрсетуін өтінеді. Принзрегентенплатцтағы 16-үйге жеткен қария журналистерге Гитлердің пәтері осы үйде орналасқанын айтқан.
Ерлі-зайыпты бірден сол жерге жетіп, демалу үшін пәтерге орналасады. Дәл сол күні, 1945 жылы 30 сәуірде, Гитлердің ваннасында шомылып жатқан Лидің фотосуреті түсірілген болатын. Дэвидтің де шомылып жатқандағы фотосуреттері бар.
Үш күн ішінде ерлі-зайыптының Принцрегентенплатцтағы пәтерде тұрып, Гитлердің төсегінде ұйықтап, Гитлердің үстелінде тамақтанып, Гитлердің диваны мен креслосына отырып неше түрлі сурет түсіреді.
Бірақ сол суреттердің ішінде Ли Миллердің шомылып жатқандағы суреті әлемге тарап, ең танымал фотосуретке айналады.