Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан Қырғызстанға көмек көрсетпекші

Қазақстан Қырғызстан гуманитарлық көмек көрсетпекші

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Қырғызстанға коронавируспен күресу үшін медициналық бұйымдар жібереді, - деп хабарлайды  bugin.kz премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі коронавирус инфекцияcымен күрес аясында Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді. Қырғызстанға өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) мобильді аппараттарының 400 жиынтығы және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 миллион медициналық маска жеткізіледі", - делінген хабарламада.

Шешімнің қырғыз тарапының халықты медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатында ресми түрде жүгінуіне байланысты қабылданғаны айтылады.