Bugin

Шымкент: Сайрамдағы халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа мекенжайға көшеді

Шымкент қаласындағы Сайрам тұрғын алабында орналасқан №6 Халыққа қызмет көрсету орталығы 66 мыңнан аса тұрғынға қызмет көрсетіп келеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласындағы Сайрам тұрғын алабында орналасқан №6 Халыққа қызмет көрсету орталығы 66 мыңнан аса тұрғынға қызмет көрсетіп келеді.

Қала әкімі Қаратау ауданын аралау барысында аталған халыққа қызмет көрсету орталығына ат басын бұрды. Қызмет көрсету орталығы бүгінде «Шымкент қалалық Өзбек драма театрының» ғимаратын жалға алып отыр.

Шаһар басшысымен кездесуге арнайы келген жеке кәсіпкер Ибрагим ата көшесінде орналасқан жеке меншігіндегі әкімшілік ғимаратты ХҚКО-ға тегін қолданысқа беруге ниетті екенін жеткізді. 400 шаршы метрді құрайтын ғимарат іші толығымен жиһазбен жабдықталған.

Лазизхан Сулайманов –кәсіпкерлерге қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың сәтті жүзеге асуынан кәсібін дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкер. Ол бұл ісін қаланың патриоты ретінде жасағанымен түсіндіреді.

Өз кезегінде Мұрат Дүйсенбекұлы қала тұрғынына өз алғысын жеткізіп, халыққа қызмет көрсету орталығын жақын арада көшіруді жүктеді. 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі