Bugin

І топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматқа күтім жасау жәрдемақысын ХҚО арқылы рәсімдеуге болады

ХҚО арқылы «Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау» қызметіне қалай жүгінуге болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз хатшысы Алтынай Татаеваның айтуынша ХҚО-ға қызметті рәсімдеу үшін,  I топтағы мүгедек іске қабілетсіз болса, онда оның заңды өкілі немесе қамқоршысы келеді. Ал іске қабілетті болып табылған азамат өзі келуі қажет. Қызмет көрсету уақыты – құжат тапсырған күнді есепке алмағанда 7 жұмыс күні.

Сондай-ақ, құжаттарды толықтыру немесе басқа да өзгерістерге байланысты жәрдемақы тағайындау уақыты 30 күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Жәрдемақы мөлшері – 45736 теңгені құрайды, - деп атап өтті Алтынай Татаева.

Бұл жәрдемақыны ХҚО арқылы қалай рәсімдеу үшін:

-Тіркелген жеріңіз бойынша ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз;

-Тіркеу бөліміне келіп, броныңызды растап, жеңілдік терезесіне талон алыңыз;

-Операторға келесі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз:

- Қызмет алушы мен мүмкіндігі шектеулі азаматтың жеке куәліктері;

- Егер мүмкіндігі шектеулі азамат іске қабілетсіз болып танылған болса, онда оның заңды қамқоршысының құжаттары;

- Егер сенімді өкілі жүгінсе, оның нотариалды расталған сенімхаты;

- Егер оралман мәртебесі бар болса, онда оны растайтын құжат;

- Қызмет алушының бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке қамқоршы ретінде белгіленгенін растайтын құжат;

- Мүмкіндігі шектеулі азаматтың мүгедектігі туралы сараптама орталығының анықтамасы;

- Жәрдемақы аударылатын есепшот жайлы банк анықтамасы;

- Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.

Ескерту, бұл жәрдемақы, I топтағы мүгедектігі бар кәмелет жасына толған, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың күтушілеріне тағайындалады.