Bugin
10 айда 30 млрд теңге
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comШымкент қаласының Еңбекші ауданында жиырма мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде 27-сі ірі, 116-орта, 5 861-і шағын және 13 143 ұсақ кәсіпкерлік иеліктер. Олардан келіп түсетін салық арқылы ауданның бюджет түсімдері жылдан жылға ұлғайып келеді.
Бұл жөнінде Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте айтты.
- Жергілікті бюджетке осы жылдың 10 айында 62 млрд теңгеден аса қаржы жиналып, өткен жылдың тиісті кезеңімен (39 998 млрд теңге) салыстырғанда 56 % артты, -деді ол.
Одан өзге, аудан әкімінің мәлімеуінше биыл ауданның инфрақұрылымын және кәсіпкерлік бағытын дамытуға 30,5 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылған. Нәтижесінде 564 жаңа жұмыс орны құрылған.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61