Bugin

Еңбекші ауданында "Ашық әкімдік" кабинеті жұмыс істейді

Құлақ асушы мемлекет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еңбекші ауданы әкімдігінде жемқорлық құқықбұзушылығын болдырмау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен аудан әкімі аппаратының қызметшілері  ИЧ 167/11 тергеу изоляторы жұмысымен танысқан.

Бұл туралы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді.

Ғалымжан Молдабайұлының сөзінше жемқорлық әрекеттерінің алдын-алу үшін аппарат қызметшілері арасында 10 рет құқықтық семинарлар өткізілген.

– Аудан әкімігі  ғимаратында және «Қазығұрт», «Қаратөбе», «Жұлдыз» аумақтық бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық көріністері орын алған жағдайда 1424 байланыс нөмірі туралы және атаулы әлеуметтік көмекке тағайындау барысында жемқорлық жағдайына жол бермеу жөнінде жаднамалар ілінген.  Қазір аудан әкімдігі ғимаратының бірінші қабатында «Ашық әкімдік» кабинеті жұмыс істеп отыр, - деді ол.

Сонымен қатар, аудан әкімі әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тұрғындардан келген өтініш пен шағымдарына дер кезінде жауап берілетінін айтты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі