Bugin

Шымкенттік үш оқушы ІІІ республикалық конкурста І орынды иемденді

«Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың ІІІ республикалық зияткерлік конкурсы өз мәресіне жетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Конкурсқа Шымкент қаласы атынан төрт оқушы қатысқан болатын.

Білім сайысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бөлімін іске асыру аясында ұйымдастырылған.

Конкурстың республикалық кезеңі осы жылы 3-5 қараша аралығында онлайн форматта www.daryn.kz, www.exam.net және ZOOM платформалары арқылы өткізілді.

Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша Пайзахматов Илхом, Мұратбек Медет, Мықтыбек Бексұлтан І орынды, Назарбаев Нұрбақыт ІІ орынды иеленді.

 Конкурс жеңімпаздары ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломымен марапатталды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі