Bugin

Шымкентте "Ұлт үні" керуені шарасының іріктеу кезеңі өтті

Этнос өкілдері арасындағы сайыс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында саз колледжінде түрлі этнос өкілдері арасында «Ұлт үні» керуені шарасының іріктеу кезеңі өтті.

«Ұлт үні» керуенінің мақсаты – татулықты нығайту арқылы Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы, Шәмші Қалдаяқов сынды қазақтың танымал тұлғаларының шығармаларын насихаттау,  қазақ халқының өнерін танытуда  этнос жастарына қолдау көрсету болып табылады.

Жоба екі кезеңнен тұрды: түрлі этнос өкілдері арасынан байқауға қатысушы үміткерлерді іріктеу және этностар тығыз шоғырланған тұрғын алаптар мен шағын аудандарда концерттік бағдарламамен шығу кезеңдері.

Байқаудың алғашқы кезеңіне іріктеу қаладағы 4 ауданда өтті. Жалпы, 82 үміткер қатысып, арнайы жасақталған комиссия 20 нөмірді таңдап алды. Қазылар алқасы өнерпаздардың өнерін тамашалады.

Керуен-байқаудың үздік қатысушылары Тәуелсіздік мерекесі  қарсаңында арнайы марапатталатын болады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі