Bugin

Шымкент тұрғындарының 95 пайызы сапалы электрмен қамтылады

Баламалы энергия көздерімен бірге

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгінде Шымкент қаласы тұрғындарының 93 пайызы  сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілген.

Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 95 пайызға ұлғаятын болады. Өйткені, қазіргі уақытта қала тұрғындарын сапалы электрмен қамту мақсатында 14 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соның бірі - «Бозарық» қосалқы станциясы. Қаланың солтүстік бөлігін сапалы электр қуатымен қамту үшін қуаттылығы 160 МВт 220/110/10 КВ «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы 2016 жылы басталған болатын.

Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, электр станциясының құрылыс жұмыстары осы жылдың соңында аяқталып, пайдалануға берілетін болады.  Нәтижесінде Асар-2, Тұран, Ынтымақ-2, Солтүстік саяжай, Батыс ш/а, Бозарық, Қайнарбұлақ, Шымкент сити мен Достық, Нұрсәт ш/а - барлығы 10 елдімекендегі 250 мыңға жуық абонент  сапалы электр қуатымен қамтуға мүмкіндік береді.

 Ал, жыл соңына дейін 9 нысанның (12 елдімекенде) құрылысы аяқталып 23,5 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі