Bugin

Шымкент: Әл-Фараби ауданында 4 171 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған

Аталған азаматтарға мемлекеттен 1 млрд 390 млн теңге жәрдемақы төленді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов мәлімдеді.

– Биыл Əл-Фараби ауданында əлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар екі есеге азайды. Яғни, осы жылы 4 760 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдіріп, оның 4 171-і мұқтаж деп танылды. Аталған азаматтарға мемлекеттен 1 млрд 390 млн теңге жәрдемақы төленді, – деді Ғабит Патшаханұлы.

Спикердің сөзінше, аз қамтылған көп балалы отбасылар мен тыл ардагерлеріне азық-түлік, 80 отбасыға отын, 9 отбасыға ноутбук және 26 отбасыға қаржылай көмек көрсетілген.

Айта кетейік, «Біз біргеміз» акция аясында аз қамтылған көп балалы отбасыларға, І, ІІ топ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, мүмкіндігі шектеулі бала қараушыларға, соғыс және тыл ардагерлеріне, асыраушысынан айырылған, сондай-ақ, ең төменгі зейнетақы алушы 8 400 отбасыға 50 мың теңгеден қаржылай көмек берілген.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы