Саясат

Димаш Қытайдағы қандастарға қатысты пікір білдірді

Менің қолымнан тек ән айту ғана келеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Димаш Құдайбергенмен кездесіп, сұхбаттасты. Димаш Қытайдағы этникалық қазақтар мәселесін көтересіз бе деген журналистердің сұрағына қатысты пікір білдіріп, бұл мәселенің тез шешілгенін қалайтынын айтты. Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлады. 

Димаш Құдайберген Қытайдағы Қытайда жүрген қандастардың мәселесінен хабардар екенін айтты.

"Олар "жаным қазақ" деп соғатын өзіміздің адамдарымыз және ол кісілердің тағдыры біз үшін ешқашан да қызықсыз болып қалмайды. Енді, сөздің шыны керек, қолымнан келсе, бәрін берер едім. Бірақ мен халықаралық дәрежедегі дипломат емеспін. Менің қолымнан тек ән айту ғана келеді. Мен тек әншімін", — деді Құдайберген.

Ол этникалық қазақтардың проблемасы өзіне де ауыр тигенін атап өтті.

"Қазір мен өзімді тек әнші есебінде көріп, бұл мәселе бойынша алаңдамай жатыр деп ойламаңыздар. Менің де жүрегіме ауыр тиді. Мен де барынша бұл сұрақтың тезірек шешілгенін қалаймын. Бірақ мен саясаттағы үлкен тұлға емеспін, мен әншімін", — деді Димаш Құдайберген.