Bugin

Шымкентте дәрігерлер резерві жасақталды

Шымкент қаласында 1800-ге жуық дәрігерлер резерві жасақталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Олардың қатарында 256 резидент, 1098 интерн (медициналық жоғарғы оқу орнының түлегі), 225 колледж студенті, 200 профессор-оқытушы, 20 терапевт бар.

Бұл бағытта 79 медицина маманы алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша біліктілігін арттыруда. Оқудан өтіп жатқан мамандардың 40-ы резидент және 39-ы фтизиатр пульмонологтар.

Осылайша денсаулық сақтау саласының басшылары  медицина мамандарының тапшылық мәселесін шешпек. Тағы айта кетерлігі, оқытудан өтіп жатқан мамандар ықтимал коронавирустың екінші толқынында қажеттілік байланысты провизорлық орталықтарда науқастарға медициналық көмек көрсету үшін жұмылдырылады.

Айта кетейік, жыл басынан бері 14 157 медицина қызметкері коронавирустық инфекциясымен күрес бойынша оқытудан өтті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі