Bugin
5 160 науқас толық емделіп шыққан
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Бақытжан Позилов мәлімдеді.
– Шымкент қаласы бойынша медицина ұйымдарында коронавирус індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қоры қалыптастырылған. Яғни, қаладағы дәріханалар мен дәрі-дәрмектер қоры және бөлшек сауда бағаларының сәйкестігіне күнделікті мониторинг жүргізілуде. Бүгінде үшінші мегаполисте эпидемиологиялық ахуал тұрақты, – деді Бақытжан Жолдасбекұлы.
Спикердің айтуынша, медицина академиясының 25 резиденті коронавируспен күрес және алғашқы дəрігерлік көмек көрсету бойынша толық оқытудан өтіп, қаладағы №1 клиникалық ауруханасы мен реанимациялық бөлімшелерде тәжірибесін шыңдауда.
Айта кетейік, осы жылдың 24 наурызынан 24 қарашаға дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 5 331 жағдайы (2716 симптомды, 2615 симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 5 160 науқас толық емделіп шыққан.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Фото – Серік Қосай