Саясат

Лукашенко: президентті биліктен кетірудің бір жолы бар

Лукашенко өзін қалай биліктен кетіруге болатыны жайлы мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сейсенбіде Минскіде өткен сенім грамоталарын тапсыру рәсімінде Лукашенко батыс елдерінің ел үкіметі ісіне араласып жүргенін айтты. Олардың мақсаты - қазіргі жүйені құлату екенін де атап өтті, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі БЕЛТА- ға сілтеме жасап.

«Соңғы кездері батыс елдері Беларусьтің болашағы үшін алаңдап, қазіргі жүйені және президентін құлату үшін түрлі жоспар құруда. Олар бұл істеріне Ресейді де араластырмақ, бірақ әлі жолын таппады»,- деді Лукашенко.

 Оның ойынша, президентті биліктен кетірудің бір ғана жолы бар.

«Осы сәтті пайдаланып, ел президентін биліктен кетіруге болатын бір жолдың бар екенін айтайын. Оны тек беларусь халқы Конституция заңдарына сүйене отырып жасай алады. Көріп тұрғандарыңыздай, барлығын алаңдатып жүрген сұрақтың шешімі осы»,- деп ел басшысы өз сөзін нақтылады.