Спорт
Атақты қазақстандық спортшы GGG-нің кезекті жекпе-жегінің өтетін ресми уақыты анықталды
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comIBO және IBF бойынша орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 18 желтоқсанда өтеді. Бұл туралы DAZN стриминг сервисі Instagram желісінде ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі Vesti.kz- ге сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы IBF титулын қорғау үшін міндетті жекпе-жекте польшалық Камила Шереметке қарсы шығады (21-0, 5).
Осыған дейін Геннадий Instagram желісіндегі парақшасында өзінің рекордтық 21-ші жеңісіне қарай бет алып бара жатқанын жазған болатын.
Еске сала кетсек, GGG-ның бұған дейінгі жекпе-жегі былтыр қазанда өткен еді. Нью-Йоркта өткен күресте спортшы украиндық Сергей Деревянченконы жеңген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61