Bugin

Қазақстанда коронавирустан 2000 адам көз жұмған

Елімізде коронавирустік пандемия басталғалы бері 2000-нан аса адам көз жұмған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

24 қарашада коронавирус инфекциясынан және COVID-19 белгілері бар пневмониядан 9 адам көз жұмған, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министірлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

COVID-19-дан 5 адам, ал коронавирустық пневмониядан 4 адам қаза тапқан.

Республика бойынша 13 наурыз бен 24 қараша аралығында коронавирус инфекциясынан 2001 адам көз жұмған. Ал 1 тамыздан 24 қарашаға дейін COVID-19 пневмониясынан 432 өлім тіркелген.

24 қараша күні вирус жұқтырғандар саны 720 адамды құраған. Дәл қазіргі уақытта елімізде 127 580 коронавирустық жағдай тіркеліп, 114 347 адам аурудан айыққан.

@ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Бүгінгі күні COVID-19-ға қарсы 11 232 адам ем қабылдап жатыр, оның 672-сі - кішкентай бала. Стационарларда -  3200, амбулаториялық деңгейде – 8032 науқас емделуде. Жалпы науқастардың арасында 203 адам – ауыр, 28-і - өте ауыр, 30-ы -  өкпені  жасанды желдету аппаратында жатыр.COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК мәліметтері бойынша, 24 қарашада COVID-19 белгілері бар және ПТР сынағы теріс нәтиже көрсеткен 207 жағдай тіркелді және 91 адам аурудан айықты.

1 тамыз бен 24 қарашаны қоса алғанда, республикада коронавирустық пневмонияның 41 427 жағдайы анықталды, оның ішінде  30 207 адам сауықты.