Bugin

Донбассты соғыс арқылы қайтару мүмкін бе?

Украин "таулы-қарабақ" сценарийін қайталай ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы генерал Руслан Хомчак Донбасты соғыс арқылы қайтару мүмкіндігін саралап көрді. “Новое время” басылымы қолбасшының айтқанына үзінді берді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Хомчак Донбассты қайтару үшін “таза соғыс жағдайының” қажеті жоқ екенін айтыпты. Оның үш себебін келтірген.

Біріншіден, күш қолдану барысында Киевтегі халқы тығыз орналасқан аудандарда гуманитарлық заң бұзушылықтар орын алады. Сонымен қатар Украина әскері шығынға ұшырайды. Әрі Ресейдің араласып кету қаупі басым.

Сонымен қатар, генерал Донбас тұрғындарының украиналық әскерге жақтаспайтынын да ескерді.

Бұған дейін Бірлескен күштер операциясының штабында Украинаны Донецк және Луганск халық респбуликаларына қатысты “таулы-қарабақ сценарийін” жүзеге асыруы мүмкін деген күдіктерін айтқан еді.

Донбасстағы қарулы қақтығыстың жалғасып келе жатқанына алты жылдан асты. 2014 жылдың сәуірінде Украина билігі Донецк пен Луганск халық республикаларына қарсы әскери операция бастаған. Өз кезегінде Мәскеу Донбасстағы қақтығысқа қатысы жоғын мәлімдеп келеді. Сонымен бірге өңірде ресейлік әскердің барын да мойындамайды.