Bugin

Данияр Елеусінов: Рингке тек жеңу үшін шығамын

Данияр соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізіп, америкалық Алан Санчесті (20-5-1, 10 КО) техникалық нокаутпен жеңген еді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) намибиялық бұрынғы әлем чемпионы Жулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеп, көз атыстырды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sports.kz ресурсына сілтеме жасап.

Салтанатты шарадан кейін боксшы DAZN Boxing порталына алдағы жоспары жайында айтып берді.

- Қарсыласың бұл айқас ол үшін түк емес екенін, оңай жеңетінін айтты. Сен де оған жауап ретінде қиналмай ұтатыныңды жеткіздің. Неге оған сенімдісің, білуге бола ма?

- Маған бәрібір, бұл мен үшін маңызды емес. Өйткені, мен рингке тек жеңу үшін шығамын. Рингке шыққан соң Индонго іс жүзінде жаңағы сөзіне жауап беруге тиіс. Бұл оған оңайға соқпайтыны анық, ал маған түк емес.

- Қағаз жүзінде бұл - сенің спорт жолыңдағы ең күрделі айқас. Кейбіреулер саған мұндай жекпе-жекке шығуға әлі ерте деп жатыр. Өзің не ойлайсың?

- Мен өзіме сенімдімін, керемет сезімдемін. Мен бұған дайынмын.

27 қараша күні Американың Флорида штатындағы Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында, Елеусінов мен Индонго жартылай орта салмақтағы IBF Inter-Continental белбеуіне таласады.

Айта кетейік, Данияр соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізіп, 5-раундта америкалық Алан Санчесті (20-5-1, 10 КО) техникалық нокаутпен жеңген еді.