Bugin

Журналистен кәсіпкерге дейінгі 7 жол

Журналисті кәсіпкерге айналдыратын жеті қабілетті көрсеттікк

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Журналист өз тәжірибесінде жан-жақты болып шығатын мүмкіндікке ие. Себебі түрлі кәсіп иелерімен сұхбат құрып, араласып, білім жинақтайды. Жеткілікті білім жинай алған маман кәсіпкерлікке оңай бет бұрады.  Мүмкін сіз де мықты журналист-кәсіпкер атана алатын шығарсыз? Бірақ қалай? Bugin.kz тілшісі журналистерге жол нұсқауды жөн көрді.

Төменде журналистикадағы тәжірибеңіздің бизнес құруға көмектесетін жеті әдісін көрсеттік.

 

Журналист- өз ісінің шебері

Нарықты тереңінен түсіну – сәтті стартап кепілі. Ал журналист әртүрлі саладан хабардар болады. Бұл қасиет кәсіпкерлікте үздік атануға көмектеседі. Себебі мықты журналиске жаңа үрдістерді қабылдау оңай тиеді.

 

Журналист – зерттеуші және коммуникатор

Кәсіпкерлік – ұжымдық жұмыс. Тәжірибесі мен озық дағдылары бар жандарды табу – істің ең маңызды бөлігі. Тілшілердің көпшілігі қиын мәліметтерге аса тапқырлықпен қол жеткізе алады. Көбіне бейтаныс адамдармен қарым-қатынас орнатады. Мұндай қасиет белсенді ұжым құрып, тауарды өткізуге айтарлықтай үлес қосады.

 

Журналистің күні журналиспен…

Көптеген кәсіпкерлер БАҚ-тан бейхабар. Олардың көпшілігіне медианарыққа шығу, жарнама сынды дүниелер қиындық туғызады. Ал журналистер ортасында танысыңның болуы – бұл мәселені елеулі деңгейде шешуге септігін тигізеді.

 

Журналист – SMM маманы, копирайтер

Кәсіп жүргізу көбіне жазумен байланысты. Блог жазбалар, маркетингтік материалдар, баспасөз релиздері, тіпті күнделікті хабарламаларға жауап беру үшін редакторлық қабілет қажет. Жақсы жазылған жарнамалық мәтін – үлкен кіріс кепілдігі.

 

Журналист ашық сұрақ қоя алады

Кейбір мәселелерде «иә», «жоқ» деген нақты жауап жеткіліксіз, себебі кәсіпте тұтынушының қалауын, қажеттіліктерін білу өте маңызды. Ал журналист сұхбаттасушы ретінде ашық сұрақтар қоя отырып, бизнестің өнімділігін арттыра алады.

 

Журналист – тапқыр

Кәсіпкерлер әрдайым ізденіс үстінде жүреді. Ал журналист ақпарат көздерін білу және пайдалана алуға турасынан дағдыланған. Журналист өнімді, ортаны танымаса да, ізденісі мен тапқырлығының арқасында берілген істі жүзеге асыра алады.

 

Журналисте негативке қарсы иммунитет бар

Стартаптың негізін салушылар тұтынушылардан, инвесторлардан «жоқ» деген жауапты көп естиді. Ал журналист редактордан, оқырмандардан теріс пікір жиі қабылдайтындықтан, олардан сабақ алып, қатесін жөндейді. Бұл қабілет - кәсіптің құлдырамауына үлкен көмек.

Кәсіп бастау- оңай іс емес, алайда журналистің бойында бар қабілеттер арқылы сәтті стартап жасау мүмкіндігі зор.

Ақбота Нысанбаева