COVID-19
Ең қауіпсізі - қарапайым медициналық бетперде.
Түрлі түсті қорғаныс маскалары терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін. Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты, косметолог Елена Морозова хабарлады.
Әсіресе қара бетперде қауіпті, себебі олардың құрамында әсері күшті аллергенді бояғыштар бар.
Матадан жасалған бетперделерді жиі жуып тұрған жөн. Әсіресе балалардың бір бетпердені ұзақ пайдалануы теріге аса зиян. Жасөспірім шағында безеулердің ұлғайып әрі тереңдеп кету қаупі бар.
Ең жақсы және қауіпсіз таңдау - бұл қарапайым бір реттік медициналық маска. Дәрігерлер онлай бетперделерді әр 3 сағат сайын ауыстырып тұруды ескертеді.