Қоғам
Ерлік пен даналық, отансүйгіштік қазақтың ер азаматтарына ғана емес, қыздарына да тән қасиет...
Біз кімбіз?..
Ел басына күн туып, жау шапқанда ерімен бірге атқа қонған Ұлы даланың батыр қыздарымыз, біз!
Ерегістіркенде елі үшін Кирдың басын шапқан Тұмар патшайымбыз!
Ерінен айырылса да, еліне ие болған Айғаным мен Ұлпанның ұрпағымыз!
Ақылменен айтатұғын барлық сөзді, дана тұлғаларды тәрбиелеген Зере мен Ұлжанбыз, біз.
Қыршыннан үзілген ғұмырлары Ләззат пен Сабирадай батыл әпкелердің сіңлілеріміз, біз!
Ерінен жесір қалса да 5-6 баласын ешкімнен кем қылмай, ер жеттірген әжелердің немере-шөбересіміз, біз!
Фаризадай жалын жұтқан жүректі ақындардың ұрпағымыз, біз!
Ел басына күн туғанда етігімен су кешкен, толарсақтан саз кешкен ерден кем емес ер мінезді Айнұрдай қыздармыз біз!
Бір сөзбен айтқанда, біз Алтайдан – Атырауға, Алатаудан – Ұлытауға дейінгі ұланғайыр жерді мекендеуші – Ұлы қазақ халқының ұрпағымыз!
Біз – өлімнен ұятты күшті көрген, "Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы" деген, ар-намыс пен ұятты бәрінен жоғары қойған халықпыз!
Біз – үлкенін сыйлаған, кішісіне қамқорлық жасаған, жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған, жеті атаға дейін қыз алыспайтын текті халықпыз!
Біз осындаймыз...
Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін