Weekend

Адам психологиясы туралы қызықты деректер

Адам қабылдай алмайтын түстер бар екенін білдіңіз бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

– Көк және қызыл түстердің үйлесімін қабылдай алмайтынымызды байқадыңыз ба? Бұл екі түс бойды тітіркендіреді, ал көз тез шаршайды.

Біз көбіне жағдайды емес, адамды кінәлаймыз. Мәселен, күтіп тұрған адамыңыз уақытынан кешігіп жатыр. Ал сіз оның мәнісін сұрамастан тарпа бас салып, адамды ғана кінәлайсыз. Оны жауапсыз, салғырт деп айыптайсыз. Мүмкін автобус бұзылып қалған шығар, не көлік кептелісінде тұрған шығар. Өмірде түрлі жағдай болады емес пе? Өз қателігіңізді біле тұра, үнемі сол олқылықты қайталай бересіз.

– Болған оқиғалар компьютерде сақтаулы фильмдер секілді біздің миымызда сақталып тұрады деп ойлаймыз. Өкінішке орай, бұл мүмкін емес. Шын мәнінде, әр сәтті әртүрлі еске аламыз. Бұл жүйке жолдарының әр кезде әрқалай жанданатынына байланысты.

– Адам таңдау мүмкіндігі мейлінше көп болғанын қалайды. Кез келген дүкенге кірсек, бір тауардың бірнеше түрі барын байқаймыз. Себебі, әр адамның таңдауы әртүрлі.

– Супермаркеттердің бірінде тәжірибе жүргізілді. Онда алдымен джемнің 7 түрі, одан кейін 25 түрі қойылды. Бірақ тәжірибе нәтижесі тауар түрі аз сөреден 6 есе көп сауда жасалғанын көрсетті. Бұл адам миының бір мезгілде бір тауардың шектеулі мөлшерін бағамдауға ғана қабілетті екенімен түсіндіріледі,