Bugin

Қара жұма – қараңғылық белгісі

Қара жұма тіркесі осы аптаның ең актуалды мәселесі болды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қара жұма, қаралы жұма деп атышулы "черная пятницаны" қазақ тілімізге аударамыз деп бастары дауға қалып жатқан сауда орындары мен үлкен-кішілі дүкен аз емес. Жаппай әлеуметтік желілерде «қасиетті жұманы қаралама» деп біраз адам наразылық білдірді. Бірақ оған қарап, ден қойғандар шамалы. Қарашаның соңғы аптасында болатын батыстан келген бұл жеңілдікке қоғамда сенетіні бар, сенбейтіні бар. АҚШ-та бірін-бірі таптауға баратын бұл жеңілдіктер күні Қазақстанда мұндай қарқынмен өтпесе де, үрдіс бойынша әлеуметтік желілерде өз дүкендерін жәрмеңкеге қойған арзанқол заттай тауарларын жарнамалап әлек болғандар баршылық. Бұл жылдың да BLACK FRIDAY-ін тыныш бітірдік.

Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін