Қоғам
Педофилизм бойынша 2010 жылы 1885 оқиға тіркелген. Дәл 9 жылдан кейін 2019 жылдың санағы бойынша 1500 педофил мен 2800 зорлау оқиғасы тіркелген. Тіркелген санақты қосып оны 12ге бөлсек күн сайын бірнеше адамның өмірі құртылған, ал тіркелмегендері қаншама?
Педофил ұғымының енуіне қоғам кінәлі. Педофилия мәселесі кәзір ешбір адамды алаңдаттырмай қоймайтыны анық. "Пед-бала", "филия-махаббат". Яғни психикасында балаға ерекше сүйіспеншілігі бар адамды осы аурумен ауырады деп айтуға болады. Бірақ педофил деп психакасында ауытқуы бар адамдарды атаймыз, ал психикасында ешқандай мәселесі жоқ, бірақ кішкентайларға қорлық көрсеткен адамдарды маньяк деп атай аламыз. Себебі олардың күші тек кішкентай қорғансыздарға жетеді. Педофилге психолог керек, ал маньякқа таза психиатр керек. Зорлық көрсету тек еркектердің тарапынан емес, әйел адамдардың тарапынан болады.Олардың ішінде өздері кезінде құрбан болған балалар болу ықтималдығы бар.
Педофилді өлтіру керек деп агрессияға бой беретін адамдар ҚР-ның заңына деген сыйластығын жоғалтып отыр. Оған дәлел шілдеде болған Сәтбаевтағы оқиға. 5 жасар қызды ұрлап, зорлаған күдіктіні өз қолдарына беруді талап еткен адамдардың жаппай тәртіпсіздігі. Елді дүрліктіру, қарапайым адамдардың өміріне қауіп төндіру, педофилді өзіміз жазалаймыз деп жан-жағын қирату – агрессияға толы адамдардың ісі.
Барлық психологтардың айтатын ақылы бір. Баламен жақсы қарым-қатынаста болып, көп әңгімелесіп, сырласу қажет. Педофилді жазалауды емес, оқиғаның алдын алуға тырысу керек деген пікірде.
Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін