МӘДЕНИЕТ

Жас ұрпақпыз, ізденуден талмайтын

Жастар жайлы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жас ұрпақпыз, ізденуден талмайтын,

Көкке өрлеген замандардан қалмайтын.

Абай айтқан бес нәрсеге асық боп,

Дүниеден жаман әдет алмайтын.

Жас ұрпақпыз, жүрексінбес дұшпаннан,

Үлгіалар көкте қалқи ұшқанан.

Асқар тауы, әкесінен үйреніп,

Қуат алар жан анасын құшқаннан.

Біз - жастармыз, заманды әрі созатын,

Білек емес, білімімен озатын.

Асық ойнап азбайтын бұрынғыша,

Кітап оқып, ілім іздеп тозатын.

Міне, жастар! Баста жанып тұр бағы,

Бабалардың жалғап кеткен жұрнағы.

Маңыздысы осылардың бәрінен,

Мына біздер - Абай, Мағжан ұрпағы!

Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін